Статистика департаментінің мәліметіне сәйкес облысымызда 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 408 218 адамды құрайды, оның ішінде – 88 950-і қалалық жерлерде, 319 268-і ауылда тұрады.

Жастар саясатын қаржыландыру көлемі облыста жастар саясаты мәселелері басқармасы құрылған 2012 жылы мемлекеттік жастар саясатына 77 млн.теңге қаржы бөлінсе, ағымдағы жылы бұл бағытқа 552,9 млн. теңге бөлінді. Яғни, шамамен 7 есеге артып отыр.

Облыста 20 жастар ресурстық орталықтары қызмет атқарады, оның ішінде 1- облыстық және аудан, қала деңгейінде 20 «Жастардың ресурстық орталықтары» коммуналдық мемлекеттік мекемелері. Штат саны 146 адамды құрайды. Облыс бойынша ауылдық округте жастар саясаты бойынша 253 нұсқаушылар бірлігі бөлінді. Бүгінгі күні әрбір округте 1 нұсқаушыдан өз жұмыстарын атқаруда.

Жастардың бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған өңірлік «Жастар жолы» іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылы облыс әкімінің өкіміне сәйкес жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі және ауыл жастарына арналған бос уақыттарын пайдаланудың түрлі нысандарын дамыту жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды.

Бүгінгі күні 10 аудан мен қалаға 56,7 млн.теңгеге 11 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 18 бос уақытты тиімді өткізу орталықтары мен спортпен шұғылдану залдары ашылады.

2019 жылы облыста «Жетісу жастарының жарқын істері» атты жастар жылына арналған іс-шаралар жоспары - жол картасы бекітілді.

Жол картасын орындау мақсатында 2019 жылғы 11 қаңтарда Алматы облысы әкімінің облыс жастарымен бейресми кездесуі өткізілді.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 28 қаңтар күні жастарға қызмет көрсету орталығында «Жастар. Жігер. Жаңғыру» атты жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Сонымен қатар, Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында Жастарға қызмет көрсету орталығында «ZHAS TALKS» жобасы аясында ағымдағы жылы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты З.Балиевамен, Алматы облысының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Департамент басшысы Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлымен, Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасының жеңімпазы, ақын Мақпал Мысамен,  «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Идигов Атсалим Саламович тақырыбында  жастармен кездесулер өткізілуде.

Облыс жастары арасында дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпал етуіне жол бермеу мақсатында  «Кеше және бүгін» тақырыбында семинар-тренинг, «Иман айнасы», «Жастар және болашақ», «Рухани жаңғыру-жастар болашағының кепілі», «Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңыздылығы» атты тақырыптарда облыстық, аудан және қалалық жастар ресурстық орталықтарымен кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Талдықорған қаласы Жастар саябағында апта сайын жұма күні ашық аспан астында кинокөрсетілім өткізіледі.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамыту және ауылдық елді мекендерге жастарды тарту мақсатында аудан және қалалық жастар ресурстық орталықтарына 10 гектарға дейінгі жер телімін бөлу бойынша бүгінгі күні 19 аудан мен қалаларда тиісті жұмыстар атқарылуда (қант қызылшасы, соя, картоп, алма ағашы және т.б.).

Облыстың барлық аудандары мен қалаларында жастарға қызмет көрсету орталықтарын ашу үшін ғимараттар салу бойынша қажетті бөлмелердің алаңдары бекітілді. Қазіргі кезде құрылыс басқармасының мәліметі бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алу басқармасымен байқау жарияланды. Байқау қорытындысы күтілуде.

Сондай-ақ, «Бақыт» жас отбасыларды қолдау клубы аясында жастар ресурстық орталықтарына 20 психолог штаттық бірлігі бөлініп, психологтар жұмыс жасауда.

Аталған психолог мамандар а.ж. 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша 139 адамға, оның ішінде 72 жас отбасына кеңес берді. Нәтижесінде 30 отбасы ажырасудан бас тартты. Жалпы психолог мамандарымен суицидтің алдын алу және отбасылық құндылықтарды дәріптеу бойынша 118 семинар-тренинг, кездесу, дөңгелек үстел және шеберлік сағаттар ұйымдастырылып, өткізілді.

Жастарды кәсіпкерлік қызметке қолдау және тарту және Алматы облысында "Жас кәсіпкер" бағдарламасын іске асыру және жастарға гранттық қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы Алматы облысының "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен Меморандумға қол қойды.

«Жастар – ел тірегі» жобасы аясында «Жас кәсіпкер» бизнес-бастамаларын дамыту бағдарламасы бойынша жастар стартаптарын қолдау мақсатында облыста «Бизнес және жастар «4 К» фестивалі өтті.

Жыл басынан Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп жас кәсіпкерлердің деректер базасы жасақталды. Қазіргі таңда облыстың аудан, қалалары бойынша 13107 жас кәсіпкер тіркелген.

Өңірде елді мекендер бойынша іс жүзінде жұмыссыз жастардың тізімін жинақтау тәжірибесі қолға алынып, олардың санын азайту және әлеуметтендіру бойынша бағдарлама жобасы әзірленді. Іс жүзінде маргинал жастардың саны – 1896-ды құрап отыр.

2019 жылдың І-жартыжылдығында Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру мақсатында, жұмыссыз және NEET санатындағы жастардың қамтылуымен облыстық 3 және аудан, қала деңгейінде 18, барлығы 21 «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтті. Ұсынылған бос жұмыс орындар саны - 3000. Жәрмеңке нәтижесінде 703 жұмыссыз жасқа жолдама беріліп, 301 жас жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар, жыл басынан 1-жартылдықта жұмыссыз жастарды тіркейтін бірыңғай базаға 253 жас тіркеліп, 112 жас жұмысқа орналасты, оның ішінде 52 жас жастар тәжірибесі арқылы орналасты.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша білікті мамандардан жиналған мобильді топ құрылып, облыстың аудандары мен шалғай ауылдарында 2550 адамның қатысумен 26 кездесу өткізілді. Жиынға жұмыссыз жастар, NEET санатындағы жастар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар, аудан, қала тұрғындары, студенттер, оқушылар қатысты.

Облыста құрылған полицияға қолдау көрсетуші «Жалын» студенттік жасағының мүшелері және Талдықорған қалалық жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, түнгі клуб, ойын-сауық орындары мен дәмханаларда рейд жүргізіліп, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы фактілерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. «Жалын» жасақшыларының қатысуымен «Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік күні» акциясы, «Bright Future» (Жарқын болашақ) атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы автошеру өткізілді. «Жасөспірім» түнгі рейді облыс деңгейінде айына 2 рет барлық аудан, қалаларда өтікізіліп тұрады.

Ағымдағы жылғы 11 сәуірде Жастарға қызмет көрсету орталығында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында "Өмірдің толқынында бол!" атты форум өтті. Мақсаты суицидтің алдын алу және оның салдарын төмендету, одан арғы жағдайлардың ықтималдығын азайту, әлеуметтік және психологиялық оңалту болып табылады. Іс-шараға барлығы 210 адам қатысты.

Жастар жылы аясында ағымдағы жылдың 30-31 мамыр күндері «Менің Қазақстаным: студенттік көктем – 2019» атты облыстық студент жастар фестивалі өтті. Байқауға облыстың 20 өңірінен 500-ге жуық білімгер қатысты.

2019 жылғы 18 маусымда «Жастар көзқарасы: парасаттылық пен адалдық» жас мемлекеттік қызметшілер форумы өтті.

Сонымен қатар, 16-17 тамыз күндері жастардың бойына мәдени құндылықтарды дарыту, заманауи өнерге деген құлшынысын дамыту және жастар арасында би өнерінің заманауи жанрларына қызығушылығын арттыру мақсатында «JETІSU INTERNATIONAL BATTLE» би фестивалі өткізілді.

Әлемнің 10 мемлекетінен 50 команда, 300-ден астам бишілер қатысатын ауқымды жобаға танымал, әлемдік деңгейдегі мамандар төрелік етті. Олар: Италиядан Panzera Simone, Франциядан Kanon Akessa Raul-Xavier және Украина елінен Bboy Stany The Real. Қатысушылар Hip Hop Beg, Hip Hop Pro, Hip Hop 3х3, Poping, Breaking 3х3, Freestyle 2х2, Best Show бағытында бақ сынасты. Жеңімпаздар Францияда өтетін «FUSION CONCEPT» әлем чемпионатына жолдама алды. Шара барысында шетелдік бишілердің тегін шеберлік сабағы болды.

Сонымен қатар, «Кәсіпккерлік менің таңдауым!» атты жұмыссыз жастармен бір күндік бизнес оқыту курсы және танымал кәсіпкер, психолог, мотиватор А.Нұрсиланың «Байлыққа апарар төте жол» тақырыбындағы авторлық шеберлік классы өтті.

ҚР-ның еңбек сіңірген спортшысы, Еуразияның жекпе-жектен 2 дүркін чемпионы, 3 дүркін әлем чемпионы А.Назаровтың «Кәсіп түбі-нәсіп» тақырыбында жастармен кездесуі өтті.

Сондай-ақ, 24 қыркүйек күні патриоттық сезімді насихаттау, адамгершілік-рухани қасиеттерін қолдау, жастар арасында мәдени-шығармашылықты дамыту мақсатында Талдықорған қаласында «JETISÝ ETNO STYLE» облыстық жастар фестивалі өтті.

Фестиваль 30 ойын, байқау алаңдарынан тұрды. Шара барысында жыл басында жастарға бөлінген 10 гектарға дейінгі жерлерге егілген өнімнің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, жастар арасында жұмысшы мамандықтардың табысты өкілдерімен кездесу өткізу жолымен жұмысшы мамандардың беделін арттыру мақсатында 2019 жылдың 28-30 қыркүйек аралығында Қарасай ауданында «Ауылым алтын бесігім» атты ауыл, жұмысшы жастар форумын өтті.

9 қазан күні жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге шақыру, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын және болашақ жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беру мақсатында жас отбасылар арасында «Жас отау» байқауы ұйымдастырылды.

Жалпы мәдениетті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спорт, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, құқықтық мәдениетті арттыру, дін-экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында облыс бойынша шамамен 500 мың жастың қамтылуымен 1510 шара өтті.

Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облыста КТК ойындарын, жастар еріктілігі, дебаттық қозғалысты, жастардың бойында отбасылық құндылықтарды дамыту, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, Алматы облысында полицияға қолдау көрсетуші студенттік жасақтарды құру және жұмысын ұйымдастыру бойынша белсенді шаралар қабылдануда.

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жұмысының негізгі бағыттарының бірі жастар үкіметтік емес ұйымдарымен жұмыс жүргізу болып табылады. Облыста 70 жастар бірлестіктері тіркелген, оның ішінде аса белсенділері 25 ЖҮЕҰ.

Бүгінгі күні әлеуметтік тапсырыс аясында төмендегі 6 бағыт бойынша ақпараттық-түсіндіру топтары өз жұмысын бастады. Қазіргі уақытта төмендегі шаралар жүзеге асырылуда:

1.      Алматы облысының жастары арасында суицидтің алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

2.      Алматы облысының жастары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

3.      Алматы облысында полицияға қолдау көрсетуші студенттік жасақтарды қамтамасыз ету және жұмысын ұйымдастыру. NEET санатындағы жастарға және жастар арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған көшпелі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

4.      Алматы облысында жас еріктілер қозғалысын дамыту.

5.      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру бойынша көшпелі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

6.      Алматы облысында этносаралық келісімді насихаттау бойынша халық арасында ақпараттық кампанияны ұйымдастыру және өткізу. «Ұлтаралық қатынастарды нығайтудағы жастардың рөлі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізу;

7.      Алматы облысы әкімінің Кубогы үшін Талдықорған қаласында «Жайдарлы Жетісу» республикалық КТК фестивалін өткізу;

8.      Талдықорған қаласында 1, 2, 3 топтағы көру қабілеті нашар жастарға арналған «Говорящий мобильник» оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу.

 

 

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы                                                           Ж.Қаратас